Анасын үш жыл бойы көрмеген министр көз жасын тоқтата алмады

>

Ұзақ уақыт көрмеген анасымен қауышып, көзінің жасын тоқтата алмаған Йемен министрінің суреті желідегілердің жүрегін елжіретті деп хабарлайды islam.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Басылымының жазуынша, министр Абдул Ракиб Фатх соғыстың салдарынан туған анасын үш жыл бойы көрмеген.

 

Себебі кейуана тұрған елдімекен қоршау мен оқшаулау астында болған.

Желі қолданушылары соғыс салдарынан йемендіктердің көбісі бірнеше жыл бойы отбасын көрмей азап шегетінін айтады.